• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Білім 24 Қазан, 2023

Ауыл оқушыларының олимпиадасы

2064 рет
көрсетілді

Ауыл оқушы­ларының респуб­ликалық олимпиа­дасы осы жыл­дың қа­рашасы мен 2024 жыл­дың қаңтары ара­лығында алғаш рет өтк­ізіледі. Атал­ған бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы ал­шақтықты азайтуға ба­ғытталған.

«Дарын» республикалық ғы­лыми-практикалық орта­лы­ғы­ның директоры Ғаждембек Тұр­сыновтың айтуынша, олим­пиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қаты­са алады. Мұндағы мақсат – елі­міз­дің шалғай елді мекен­дерін­дегі дарынды және талант­ты ба­лалардың қабілеттерін анық­тап, дамыту, халықаралық олим­пиадаларға қатысуға ынталандыру.

– Республикалық олимпиадаларда академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға элек­тронды түрде жеке жіберіледі. Олим­пиаданың барлық кезеңінде оқушылардың аты-жөні жасырулы тұрады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптары орталықтың сайтында жарияланады, – дейді «Дарын» рес­пуб­ликалық ғылыми-прак­ти­калық орталығының директоры.

Жоғарыда аталған қағида­лардың барлығы ең беделді әлемдік IMO, IPhO, IChO, IBO, IGeO, IOI және IOL олим­пиада­ларының ережелеріне сүйе­ніп жасақталған. Бұл олимпиада­ларда жеңімпаз болған отандас­тарымызға мемлекет тарапынан 500 айлық есептік көрсеткіштен 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін қаржылық қолдау көрсе­тіледі. Биыл 23 оқушы жүлделі орындарға ие болған.

– Отандық оқушылардың осындай жоғары жетістіктерін ескере отырып, халықаралық ұйымдастыру комитеті биологиядан ең беделді әлемдік олимпиаданы 2024 жылы Астанада өткізу туралы шешім қабылдады. Оған 80 елден 330-ға жуық үз­дік жас биолог қатысады деп күтіліп отыр, – дейді Ғаждембек Тұрсынов.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атап өткендей, мұн­­дай ауқымды іс-шараның өткізі­луі біз үшін үлкен мәртебе. Әрі бұл еліміздің оқу-ағарту сала­­сын­­дағы үлкен жетістік.

– Пәндік олимпиада – бала­лардың санасында алғашқы ғы­лыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қа­лып­тастыратын ең ауқымды бағ­дарламалық сайыс. Отандық мек­теп оқушыларының беделді олим­пиа­даларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді. Сондықтан республикалық олим­пиадалардың әрқайсысының са­па­­лы әрі жоғары деңгейде өтуі маңыз­ды, – дейді Ғани Бей­сем­баев.

Айта кету керек, елімізде жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқу­шылары ара­сында олимпиадалар ұйымдастырылады. Оларға 300 мыңға жуық мектеп оқушысы қатысады.