Президент мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсімінде конституциялық реформаның маңызы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент жалпыұлттық референдумда халқымыз бұл өзгерістерге барынша қолдау білдірді дей келе, азаматтардың саяси үдеріске қатысу мүмкіндігі айтарлықтай артып отырғанын атап өтті. Мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы жаңа сипатқа ие болып, яғни, жалпыұлттық диалогтың ауқымы кеңейгенін тілге тиек етті.
«Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Аралас сайлау жүйесі енгізілді. Мұның бәрін саяси реформаның басты мазмұны деуге болады», деді Мемлекет басшысы.