Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарында спортшыларымыз мерейімізді асырып жатыр. Дзюдодан 73 келіге дейінгі салмақта белдесуге түскен Олжас Оразәліұлы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
J2 санаты бойынша күрескен Олжас финалдық белдесуде өзбек спортшысы Феруз Саидовты айқын ұтты.
«Парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын», деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.