Әлеуметтік желіде Қазақстанда 24-25 қазан күндері интернет өшіріледі деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру шараларын жүргізеді. Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі.