Бүгін Жамбыл облысының Қаратау қаласында қатты жел соғып, 1976 жылы салынған бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнынан түсірілген бейнеролик әлеуметтік желі қолданушыларының зәресін ұшырды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, таңертең үшінші ықшамауданда екпіні 22 м/с болатын желдің салдарынан тұрғын үйдің 300 шаршы метр аумақтағы шатыры ұшып кетті (жалпы ауданы - 3215 ш.м.).
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін айта кеткен жөн.