Қазақстан спортшысы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік - осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!», деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Еске салайық, бұған дейін жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбековтың алтын медаль алғанын хабарлаған едік.