“Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” (ҚПО) компаниясы өзінің 2009 жылғы орнықты дамуы бойынша есебін жариялау туралы хабарлады.
ҚПО-ның бас директоры Джузеппе Пази үндеуінде былай деп жазды: “ҚПО-ның Қазақстандағы іскерлік белсенділігінің құрамдас бөлігі орнықты даму болды. Біздің Қазақстан Республикасымен және “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясымен әріптестігіміз Үкіметтің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бизнесімізді бағдарлауға мүмкіндік береді. Ол тұтас алғанда ел үшін орнықты табыс алуға қамтамасыз ететін республиканың табиғи ресурстарын дамытуға кепілдік болады”.
Джузеппе Пази сондай-ақ сөзін былай сабақтады: “ҚПО-ның күш-жігері еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаны қорғаудың озық жүйелерін қолдауға орнықты дамуды жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Корпоративтік басқарудың орнықты қағидаттарын қолдана отырып, үздік технологияларды өндірістік үдеріске енгізу және бағдарламаларымызды жетілдіру басты мақсатымыз болып қала бермек. Сонымен бірге әлеуметтік дамуға жергілікті мазмұнды және үлесті арттыруда жұмысымыздың өзекті мәселелерінің бірі болатындығына шүбә жоқ”.
ҚПО шығарған орнықты даму бойынша бұл есептің екінші басылымы компанияның 2009 жылғы қызметін баяндайды. Есеп тәуелсіз растауды алып, үш тілде жарияланды (қазақ, орыс және ағылшын) және онымен ҚПО-ның веб-сайтында танысуға болады: www.kpo.kz
“Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” “Би Джи Групп” (32,5 пайыз), “Эни” (32,5), “Шеврон” (20) және “ЛУКОЙЛ” (15) бірлескен кәсіпорны болып табылады. ҚПО әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсатты кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игеру және дамытуға басшылық жасайды.
Марат АҚҚҰЛ.