• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Мәдениет 28 Қазан, 2023

«Грэмми» сыйлығының иегері Әли Оқапов туралы пікір білдірді

4409 рет
көрсетілді

«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек «Құрмет» орденімен марапатталғаннан кейін сынға ұшыраған әнші Әли Оқаповқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі музыкант әріптесі туралы жұртшылықтың сынымен келіспейтінін айтқан. Иманбектің сөзінше, барлық эстрада әртістері өз тыңдармандарының көңілінен шығу үшін ғана еңбек етеді.

«Сондықтан көпшіліктен өтінерім, оған қатысты теріс пікір жазудың қажеті жоқ... Керісінше, ол үшін қуанайық, қолдайық, өйткені біз шығармашыл адамдармыз. еліміздің мәдениетін көтеру - біздің міндетіміз!», деп жазды музыкант Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазан күні Әли Оқаповтың «Құрмет» орденімен марапатталғаны белгілі болды. Алайда желі қолданушылары оның бұл жетістігін сынға алды. Көпшілік Оқаповтың мұндай құрметті орденге лайық еңбегі жоқ екенін айтты.

Осыдан кейін Әли Оқапов алған марапаттарының барлығынан бас тартуға ниетті екенін білдірді.