• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2023

Костенко шахтасындағы апат: Бас Прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады

387 рет
көрсетілді

Бұл туралы Бас Прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабарламада: «Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі)», делінген.

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енді. Тергеу жұмысын үйлестірушілер - Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев.

Еске салайық, бұған дейін Костенко шахтасында 11 кеншінің қаза болғанын хабарлаған едік.