Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен Қазақстан халқына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.