Сағат 10:00-де мәлім болған дерекке сәйкес, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан 36 кеншінің көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр», делінген ресми хабарламада.