Мысырда болған ірі жол апаты салдарынан 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, тағы 60-қа жуық адам жарақат алды.
Қызыл теңіз жағасында орналасқан Каир мен Александрияны байланыстыратын тас жолда бірнеше жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, көліктердің бірінен май ағып, соның салдарынан үлкен соқтығыс болған. Қалың тұманда автобус жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылды, кейін оларға тағы бірнеше көлік соқтығысты.
Оқиға орнында өрт шығып, салдарынан 7 көлік толығымен жанып кеткен.