• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қазан, 2023

Мұншама қайғының орнын толтыру мүмкін емес – Тоқтар Әубәкіров

7007 рет
көрсетілді

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған алапат апатқа байланысты қарағандылықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ortalyq Qazaqstan» сайтына жолдаған көңіл айту хатында былай делінген:

«Костенко шахтасында болған апат кезінде қаза болған кеншілердің отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

«АрселорМитталТеміртау» компаниясының шахталарында апатты жағдайлардың жиі болуы өкінішті. Кәсіпорын басшыларының салғырттығы салдарынан қаншама отбасы асыраушысынан айырылып, қасірет шегіп отыр. Мұншама қайғының орнын толтыру мүмкін емес.

Кешегі апат – Қарағанды көмір бассейні тарихындағы ең ірі апаттардың бірі. Ауыр қайғы. Осындай қиын сәттерде зардап шеккендерге рухани қолдау көрсетіп, ауыр қайғыны бөлісіп, жылы лебіз білдіріп жатқан барша отандастарыма алғысым шексіз.

Мен қандай жағдайда да халқыммен біргемін! Қайғыңа ортақпын, Қарағандым! Қаза болғандардың иманы саламат болсын, жарақат алғандар тез сауығып, отбасыларына оралсын!», деді Тоқтар Әубәкіров.