• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2023

ДДҰ басшысы көз жұмған кеншілердің жақындарына көңіл айтты

170 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын», деп жазды ДДҰ басшысы X (Twitter) желісінде.

Еске сала кетсек, 28 қазанда Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды. Соңғы деректерге сәйкес, қаза тапқандар саны 36 адамға жетті.