• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қазан, 2023

Костенко ​​шахтасында қаза тапқандар саны 38 адамға жетті

319 рет
көрсетілді

Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындап жатыр», делінген хабарламада. 

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-72.51.7212-23, АрселорМиттал Теміртау 8-72.49.7212-70) және Астанада (8-41.70.7172-08) сенім телефондары жұмыс істейді.

Айта кетейік, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.