• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2023

Орман өртіне жол бермеу амалы

249 рет
көрсетілді

Сыңсыған орманды алқабы мол Ақмола облысында «Орман-дала-2023» оқу-жаттығу өткізілді. Орманға қауіп көп екені белгілі. Биыл ересен ыстық болды. Кірпік қақпай атқарылған ыждағатты күзеттің көмегімен ауқымды өрт орын алған жоқ. Әйтсе де, сақтанғанның сау болатыны мәлім.

Оқу-жаттығу жұмыстарының бас­ты мақсаты – орман және дала өрті орын ала қалған жағдайда бір­лескен іс-қимылды мейлінше пы­сықтау. Барлық қызмет арасын­да өртті жедел сөндірудің тиімді әдіс-тәсілдері туралы тәжірибе ал­масу. Бұл, шын мәнінде, өте қажет дүние. Алапат өрт бас­тал­ған кезде көпті көрген орман қор­ғаушылардың өздері абдырап қа­ла­тын да кез болады. Тылсым та­би­ғат тақсірет тартпау үшін өрт оқиғасының алдын алу және лез­де оқшаулап, сөндіру тәсілдері же­тілдіріле бермек.

Оқу-жаттығу жұмысына Тө­тен­­­­ше жағдайлар министр­лі­­гі­нің, Эко­­логия және табиғи ресурс­­тар министрлігінің, жер­гілікті әкім­діктердің өкіл­де­рі, төтенше жағ­дайлар депар­та­мен­тінің қыз­мет­кер­лері және ерік­ті­лер­ қатысты.

Қатысушылар өрт шыққан жер­­ді әуеден тексеріп, ауқы­мын­ анықтағаннан кейін өрт сөн­­дірушілер десантын түсіріп, зар­дап шеккендерді құтқармақ. Орман шаруашылығы меке­ме­­ле­рінің күштері мен құрал-жаб­дықтары мейлінше тиімді жұ­мылдырылмақ. Міне, осындай­ жұ­мыстарды саралағаннан кейін өзара іс-қимылды ұтымды үй­лес­ті­ру мәселесі талқыланды. Тілсіз жау­дың қаупі өте зор. Сондықтан қызыл тілі сумаңдаған өрттің шарпуы мүмкін деп есептелген ауыл-аймақтың тұрғындарын қауіп­сіз жерге көшіріп, уақыт­ша­ орналас­тыру мәселесі де бас­тан жақты айырғандай етіп тәптіштелді. Олар­ға меди­ци­на­лық және психо­ло­гиялық кө­мек­­ көрсету жайы да екшелді. Жат­­­тығуға 250-ден аса адам, 100­-ден­­ аса техника және 5 тік­­­­ұшақ­ жұмылдырылды.

– Бұл форматтағы оқу-жаттығу жұмыстары алғаш рет өткізіліп отыр. Егер жағдай күрделі болса,­ бар­лық республикалық күш-қуат жұмылдырылады. Біз бүгін Ор­ман­ кодексіне және ілеспе нор­­ма­тивтік-құқықтық актілерге өз­ге­­рістерді енгізуді талап ететін нор­­малар мен заңнамаларды тал­­қы­ладық, – дейді Төтенше жағ­­дай­лар министрлігінің Өртке қар­­сы­ қызмет комитетінің төр­а­ға­­сы­ Рамиль Камалов.

Ауқымды іс-шараның со­ңын­­да­ орман және дала өртін сөн­діру тәсіл­дері мен тактикасы пы­сық­тал­­ды.

 

Ақмола облысы,

Ақкөл ауданы