• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қазан, 2023

Азия чемпионаты: Боксшы қыздар ел үмітін ақтай ма?

232 рет
көрсетілді

Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бокстан жастар санатындағы қыздар арасынан Қазақстанның 10 спортшысы жартылай финалға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Boxingkazakhstan инстаграм арнасының хабарлауынша, жартылай финалда жекпе-жекке шығатын Қазақстан боксшылары:

50 келі – Элянур Тұрғанова

54 келі – Томирис Мырзақұл

57 келі – Ұлжан Сәрсенбек

60 келі – Әйгерім Қабдолда

63 келі – Әсем Таңатар

66 келі – Бақыт Сейдіш

70 келі – Азиза Исина

75 келі – Шұғыла Нәлібай

81 келі – Анель Қалысова

81 келіден жоғары – Үміт Әбілқайыр.

Ал 81 және 81 келіден жоғары салмақта 3 ғана боксшы тіркелгендіктен,  Өзбекстан құрамасының 2 спортшысы финалда ойын көрсетеді.

Аталған Азия құрлығы додасының жартылай финалында сондай-ақ Үндістан мен Өзбекстан - 12,  Тайпей - 4, Жапония - 2, Моңғолия, Вьетнам, Таиланд, Иордания, Қырғызстан, Оңтүстік Корея -1 боксшысына үміт артады.