Ұлттық статистика бюросы жария еткен 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша елімізде әдеттегідей ерлерден әйелдердің саны басым екені байқалады.
Екі жыл бұрын жүргізілген соңғы санақ бойынша елімізде нәзік жандылардың үлесі 51,4% болып 9 861 175-ке жеткен. Ал ер адамдардың өсімі 9 324 840 адамға артып, 48,6% болды. Соңғы 12 жылда ер адамдардың қатары 1,6 миллионға артса, нәзік жандылар қауымы 1,5 миллионға көбейген. Елімізде 1000 әйел затына 946 ер кісіден келеді. Алайда бұл көрсеткіш Қызылорда һәм Түркістан облысында өзгеше. Түркістанда 1000 әйелге 1020 ер адамнан, Қызылорда облысында 1000 әйелге 1006 еркек кіндіктіден келеді.
Жас өлшемімен екшегенде 36 жасқа дейінгі жастар арасында әйелдерге қарағанда ерлердің саны артық. Ал 36 жастан жоғары қарай әйелдердің қатары 736 мың адамға басым.