• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Қазан, 2023

Астанада жарық не себепті өшкені белгілі болды

256 рет
көрсетілді

Қала әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қаладағы электр қуатының өшіп қалу себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның айтуынша, 29 қазан күні сағат 21:57-де 10 қалалық қосалқы станцияда электр қуаты істен шыққан.

«Қаланың оң жағалауындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Сағат 23.00-де әуежай қосалқы станциялары іске қосылды. Сағат 23.10-да Бәйтерек қосалқы станциясы да жұмыс істеді. Түнгі сағат 2.00-ге дейін барлық қосалқы станциялар жұмыс істеп тұрды», деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Оның айтуынша, ЖЭО-2-де технологиялық бұзушылық болмаған, ол штаттық режимде жұмысын жалғастырған.

«Төтенше жағдай жетекші желілерде болды. Апат кабель үзіліп, шкафтардың бірі өртенуі себебінен болған. Бұл штаттан тыс жағдай болды, түнгі сағат 2-де барлық абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді. 2 сағат бойы қаланың оң жағалауындағы кейбір әлеуметтік нысандар жарықсыз қалды. Барлық медициналық нысан бойынша дизель-генераторлар іске қосылып, уақытша жарық берілді. Төтенше жағдай кезінде дизель реанимацияны және операциялық блоктарды қамтамасыз етті. Медициналық мекемелердегі қызметке қауіп төнген жоқ», дейді ол.