• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қазан, 2023

Қазақ ұлтының саны 3 миллионға артты

307 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындыларын жариялады. Санақ бойынша еліміздегі халықтың ұлттық құрамының өсуі де көңіл қуантады.

2009 жылы жүргізілген халық санағында Қазақстанда қазақ ұлтының саны  10 096 763 адам болса, араға бір мүшел салып 2021 жылы жүргізілген санақта 13 497 891 адамға көбейіпті.  Яғни 12 жыл ішінде қазақ ұлтының саны Қазақстанда  3 401 128 адамға өсті.  Орыс ұлтының өкілдері 2009 жылғы санақта 3 793 764 адам  болса, 2021 жылы саны кемігені байқалып,  2 981 946 адам санаққа алынған.  Өзге ұлт өкілдерінің ішінде орыстардан кейін бауырлас түрік ұлтының өкілдерінде де кему бар. 2009 жылға дейін 97 015 адам болса, 2021 жылы  85 478 адамға дейін азайған. Немістер 12 жылдың ішінде 47 683 адамға, өзбектер 157 050 адамға, украиндар 54 296, ұйғырлар 65 624 адамға көбейген. Елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің де саны едәуір артқаны, өсу қарқыны жоғары екені байқалады.  

Біз бұған дейін 2021 жылғы санақ бойынша елімізде халық саны 19 миллионнан асқанын Алматы  мен Түркістан облыстарында және Алматы қаласындағы  жан саны 2 миллионнан асқанын жазған болатынбыз.