• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қаржы 31 Қазан, 2023

Қазақстанда шамадан тыс несие алғандарға арналған кеңселер ашылады

196 рет
көрсетілді

Қазақстанда несие алып төлей алмай жүрген тұрғындар көп, бұдан былай сондай жандарға кеңес беретін арнайы кеңселер жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтқандай, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілген. Ол 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтиды.

«Жол картасының әрбір бағыты бойынша жұмысты үйлестіру үшін жергілікті әкімдіктерде жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалды. Республикалық маңызы бар 3 қалада және 17 облыста халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр», деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде халықтың шамадан тыс несие алуы өзекті проблемаға айналып үлгерді. Жобалық офистердің негізгі міндеті - мерзімі өткен несиелерді реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешу, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.

«Жергілікті әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі. Оған банктер қаржылық жағынан көмектесетін болады. Жобаның тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді», деді Ерұлан Жамаубаев.