• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Қараша, 2023

Кезекті көпір көлік қозғалысын жеңілдетеді

195 рет
көрсетілді

Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Әуелде ашылуы 30 қазанға белгіленген көпір, бір күн ерте – 29 қазанда ел игілігіне ұсынылды.

Көпірдің әр тарапында төрт жолақ бар. Бүйірінде жаяу жүргіншілерге арнал­ған жолақтар мен веложол салын­ған. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Астана қалалық әкімдігінің хабарлауынша, көпірдің пайдалануға берілуі қала көшелеріндегі кептеліс көлемін біршама азайтады. Мәңгілік ел даңғылы – 20 пайызға, Сарайшық көшесі мен Ұлы дала көпірі кептелек жүгін 15 пайызға жеңілдетпек. Сондай-ақ Керей-Жәнібек хандар, Әл-Фараби көшелері және Ұлы дала даңғылы бо­йынша трафик жанданады.

Жаңа көпір Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты да қамтамасыз етеді. Көпірдің салынуы нәтижесінде сол жағалаудың Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылы­мен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен байланысы күшейіп, жол қозғалысы жедел әрі сапалы бола түспек.