• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қараша, 2023

Қаржылай көмек көрсетеді

233 рет
көрсетілді

Рудныйдағы «Сарыбай-Соколов» кен байыту комбинатына иелік етіп отырған «ERG» компаниясы Костенко шахтасында қаза тапқан, зардап шеккен кенші­лер­дің отбасына 400 млн теңге көле­мін­де қаржылай көмек беретін болды.

Қаражат құзырлы орындар белгілеген апаттан зардап шеккендерді қолдау қорына аударылады. «46 адамның өмірін қиған шахтадағы жарылыс – біз үшін ғана емес, жалпы Қазақстан халқына ортақ орны толмас қайғы. Бүгінгідей ауыр сәтте сіздерге қажетінше көмек беріп, қандай да қолдау көрсетуге әзірміз. Марқұмдардың жарқын бейнелері жадымызда мәңгі сақталады. Алапат апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспіз», дейді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

 

Қостанай облысы