• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қараша, 2023

Франция Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

254 рет
көрсетілді

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.