• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Қаңтар, 2017

Абель Санчес: Головкин осы күзде кіші Чавеспен жекпе-жек өткізуі мүмкін

7522 рет
көрсетілді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес шәкіртінің алдағы қарсыластары жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлады vesti.kz.

Алайда, 18 наурыз күні америкалық Дэнниэл Джейкобспен айқасы барын естен шығармауды алға тартты. Ал Альварес мамыр айында отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасатыны бірер апта бұрын хабарланған. Бұл кешті HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі арқылы көрсетеді.

«Мен Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесуде не боларын анық білмеймін. Екеуі де өздеріне сенімді боксшылар. «Канело» мен кіші Чавес арасында да кез келген жайт болуы мүмкін. Бір ғана жойқын соққы бәрін шешіп кетуі ғажап емес. Бірақ өз басым Головкиннің жеңісіне сенім артамын», – деді Санчес.

«Қазір жұрттың бәрі қыркүйек айында өтуі мүмкін Сауль мен GGG кездесуі жайлы жиі талқылап кетті. Бірақ ол уақытта Головкин кіші Чавеспен, ал Джейкобс «Канеломен» күш сынасуы әбден мүмкін. Бұл жекпе-жектерде нақты бір фаворит бар деп ойламаймын», – деді жаттықтырушы.