• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 02 Қараша, 2023

Сенаторлар «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен танысты

188 рет
көрсетілді

Сенатта «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдары таныстырылды. Сенаторлар республикалық бюджет жобасын қарады және алдағы кезеңдегі бюджет шығыстарының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Заңды таныстыру кезінде Қаржы министрінің орынбасары Абзал Бейсембекұлы және ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин баяндама жасады. Қаржы министрінің орынбасары бюджет шығыстарының негізгі үлесі әлеуметтік салаға тиесілі екенін айта келіп, ол 2024 жылы бюджеттің жалпы шығыстарының 40%-дан астамын құрайтынын хабарлады. Осылайша, халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 129 мың жұмыс орны ашылып, 1,5 млн адамның еңбекақысы көбейеді. 163 мың оқушыға арналған 160 жаңа мектеп пен 556 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады және ашылуы тиіс. Министрдің орынбасары 417 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. 7 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартатын болады.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары өз кезегінде республикалық бюджет пен Ұлттық қордың көрсеткіштерін анықтаудағы негізгі үш міндетті атады.  Біріншісі  – бюджет көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту. Екіншісі – орта және ұзақ мерзімді кезеңде бюджет саясатының ықтимал тәуекелдерін бағалауды жүзеге асыру. Үшіншісі – мемлекеттік қаржының нысаналы бағдарларының теңгерімділігі. Аталған заң  Сенат комитетінің жұмыс топтары мен отырыстарында талқыланғаннан кейін Палатаның қарауына ұсынылады.