• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қараша, 2023

«Қазақстанға көшу арманым»: Америкалық қыздың Қазақстанға деген ықыласы ерекше

1310 рет
көрсетілді

16 жастағы америкалық қыз қазақ тілін, оған қоса еліміздің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін зерттеп жүр. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін қалай меңгергендігі туралы қазақша жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол 2019 жылдан бастап қазақ тіліне қызығушылық таныта бастады. Алғашында қазақ тілін ұстазбен бірге үйренген. Бүгінде тілді өз бетінше үйренуді жалғастырып жатқан Кэмерон Фар өзіне тіпті қазақша есім де ойлап тапқан. Ол өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстырады. Болашақта Қазақстанда тұрғысы келетін Айбала үйренгенін әлеуметтік желіде бөлісіп отырады. Қазіргі таңда ол 27 тілде сөйлей алады. 

Сондай-ақ Қазақстанның БАҚ өкілдерінің біріне берген сұхбатында қазақ тілін де жетік меңгергісі келетінін айтты. 

«Келешекте Айбала деген есіммен Қазақстанға көшу арманым бар. Маған Қазақстанның табиғаты, мәдениеті ұнайды. Сонымен қатар ол жақта әдемі адамдар көп екен. Мен танитын қазақ достарымның бәрі әдемі», дейді ол.