Астана қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда елорда төрінде:
Астана Актісі; Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы; Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім; Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім; 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім; Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім; «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім; Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама; Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы) сынды құжаттар қабылданды.