Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Валерия Ефанова 2 қараша күні сағат 08:30-да колледжге сабаққа кетіп, одан кейін оралған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үстінде ақ түсті күрте, ақ аяқ киім, ақшыл түсті сөмкесі бар.
Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығына дейін.
«Кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон номерлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз!», делінген хабарламада.