• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 05 Қараша, 2023

Аудандар халқының таңдауы

127 рет
көрсетілді

Павлодарда үш ауданның халқы өз әкімдерін сайлауға белсене қатысып, дауыс берді. Ақтоғай, Шарбақты, Железин өңірлерінде бұл күні 87 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Үш ауданның жұртшылығы ала таңнан тұрып, сайлау учас­ке­леріне шұбырды. Мысал үшін Ақ­тоғай ауданында 28 сайлау учаскесі ашылса, мұндағы сай­лау­шылар саны 8 480 адамды құрады. Оның ішінде 108 тұр­ғын алғаш рет дауыс берді. Ха­лық саны бойынша төрт ірі сай­лау пункті тіркелсе, ең алысы Шолақсор ауылы аудан орталығынан 164 шақырым жерде орналасқан.

Железин ауданының халқы да бұл күні ерекше белсенділік танытты. Әкім сайлауында бар­лы­ғы 10 443 азаматтың дауыс беруге мүмкіндігі болса, сағат он бірлер шамасында 2,5 мыңға жуық адам сайлау учас­­келеріне барғаны тіркелді. Аудан­дық аумақтық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Алтын Кәрімова атап өткендей, өңірде 242 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш түсірген. Олар үшін барлық оңтайлы жағдай жасалды. Ал Шарбақты ауданында бұл күні 12 897 дауыс беруші үшін 26 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Атап өтейік, бұл күні Же­ле­зин ауданында – үш, Ақто­ғайда – үш және Шарбақты ауданында екі кандидат дауысқа түсті.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова ха­бар­лағандай, сағат 16.00-де үш өңір бойынша дауыс беру­ші­лердің 46,6 пайызы өз таңдауларын жүзеге асырып үлгерді.

Торайғыров университетінің профессоры, саяси ғылымдар кандидаты Ильдар Қалиевтің пікірінше, аудан әкімі лауазымы – жергілікті мемлекеттік аппараттың тірегі және негізгі буыны. «Халық жергілікті атқарушы биліктің басшысының өз қа­ла­уымен сайлаған соң өңірлерде Мем­лекет басшысы жариялаған салық және бюджет саясатын орталықсыздандыру есебінен эко­номикалық дербестік пайда болады», деп есептейді маман.

 

Павлодар облысы