• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 05 Қараша, 2023

Үш кандидаттан сайлауға түсті

175 рет
көрсетілді

Еліміздегі 45 аудан және облыс деңгейіндегі қала әкімдерін тікелей сайлаудың қанатқақты режіміне Солтүстік Қазақстан облысынан Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандары енгізілген. Жексенбі күні таңертеңнен осы аудандарда дауыс беру басталды.

Аудандарға қарайтын 113 елді мекендегі тұрғындардың жалпы саны – 48 403. Соның ішінде тіркелген сайлаушылар саны 36 мыңнан астам. Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, үш аудандағы барлық 84 сайлау учаскесінің есігі уақытында ашылып, сайлаушыларды қарсы алды. Учаскелік сайлау комиссияларында осы күні жұмыс істейтін 440 мүше де орнынан табылған.

Үш аудан әкімінің сайлауына алғашында 12 кандидат ұсынылған. Әрбір округ бойынша төрт үміткерден келген. Олардың үшеуі «Amanat», үшеуі Қазақстанның халық партиясы саяси партиялардан ұсынылды. Алайда ұсынылған 12 кандидаттың біреуінің құжаттары мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сай келмеді, тағы біреуі құжаттарды толық тапсырмағандықтан тіркелмеген. Қалған 10 кандидаттың екеуі өз өтініштерімен кандидатурасын алып тастады. Қорытындысында, 8 кандидат қана қалып, оның екеуі Есіл ауданында, ал Мамлют пен Тимирязев аудандарында үш кандидаттан сайлауға түсті.

 

Солтүстік Қазақстан облысы