• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қараша, 2023

Үрімжі мен Алматы арасында жолаушылар автобусы қатынай бастады

590 рет
көрсетілді

Жұма күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімжі мен Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыны байланыстыратын жолаушылар автобусы қатынайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шыңжаң өлкелік көлік басқармасының мәліметінше, 1150 шақырымдық трансшекаралық жол бір бағытқа шамамен 12 сағат жүреді.

"Қытай мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалын жеңілдету үшін Қытайдың шекаралық аймағы Үрімжіден тағы төрт халықаралық автобус бағытын ашады. Бағыттардың бірі - Семей қаласы", деп жазды қытайлық БАҚ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы визасыз режим туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап күшіне енетіні мәлім болған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты жарияланған.