Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан халықаралық Asian Open Championship G2 турнирінде Қазақстан таеквондошылары 5 алтын, 1 күміс, 7 қола, барлығы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Таеквондо Федерациясының инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Алтыннан алқа таққандар: Наргиз Қойшыбекова (-46 кг) Мария Севостьянова (-57 кг) Жавохирхан Исламов (-58 кг) Нұрай Хусайнова (-67 кг) Жансель Дениз (+73 кг) Күміс медаль иегері:
Айдана Еділбаева (-46 кг) Қола жүлде иеленгендер:
Арайлым Асқарова (-57 кг) Самирхон Абабакиров (-58 кг) Жадыра Хайруллина (-67 кг) Бексұлтан Мұсахан (-68 кг) Эльдар Бірімбай (-68 кг) Диана Абсенова (-73 кг) Нұрбол Ерсайынов (-87 кг)