• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қараша, 2023

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты

230 рет
көрсетілді

«Қазақмыс» өндірісінде жұмыс барысында бір қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жазатайым оқиға 5 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған.

«Жұмысты орындау кезінде тау жынысы құлауы салдарынан 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», деп жазылған хабарламада.