• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2023

Кәмпит беріп алдаған: Алматыда 7 жасар қызды көршісі зорламақ болған

358 рет
көрсетілді

Алматы облысы Ақсеңгір ауылында жеті жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды. Қыздың туыстары 49 жастағы көршісі далада ойнап жүрген қызды үйіне әкетіп, бейәдеп қылықтар жасағанын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары жасы елуге таяп қалған ер адам өткен жылы да үш қызды үйіне апарып зорламақ болғанын айтты.

Қыздық ата-анасы желіде желдей есіп жүрген «зорлады» деген ақпаратты жоққа шығарып, Кәрімхан есімді тұрғын жеті жасар жеткіншекке «тәтті беремін» деп алдап, өз үйіне кіргізіп алғанын айтты.

«Көршінің қызына «далада тұра тұр» деген. Содан менің қызымды үйге кіргізген. Кіргеннен кейін қолынан жетектеп жатын бөлмеге апарған. Өзі төсекке отырып, қызымды алдына алып, денесін сипалап ұстаған. Қызымның айтуынша, ол оны біраз уақыт ұстап отырып, кейін өзінің шалбарын тізесіне дейін түсірген. Абырой болғанда, сол сәтте сыртта күтіп тұрған өзге қыз қақпадан кіріп қалған. Сөйтіп көршісі сасқанынан қыздың қолына екі алманы ұстатып, үйден шығарып жіберген», деді кішкентай қыздың анасы.

Жергілікті жедел уәкілдер тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. Қозғалған бапқа сәйкес, күдікті 20 жыл немесе өмір бойы темір торға қамалуы мүмкін.

«ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1974 жылғы К. есімді күдікті азаматты ұстады. Сот санкциясымен ұсталған адам сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды», деді Жамбыл ауданы ПБ бастығының орынбасары Ғалым Нариманұлы.