• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қараша, 2023

Қазақстанда кімдердің несиесі кешіріледі?

321 рет
көрсетілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электронды түрде берудің қолданыстағы ережелеріне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Құжаттың жаңа нұсқасына сәйкес, халықтың атынан алаяқтар алған шағын несиелер кешіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, егер сот клиенттің өз атына берілген шағын несиені алмау дерегін анықтаса, онда оны берген ұйым 15 жұмыс күні ішінде клиенттің осы шағын несие бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдауға, кредиттік бюроларда клиенттің кредиттік тарихына түзетулер енгізуге, оған осы микрокредит бойынша берешегінің жоқтығы және ол бойынша мерзімі өткен күндердің саны туралы ақпарат жіберуге, клиентке бұрын өндіріп алынған немесе өзі өтеген қарыз сомасын қайтаруға міндетті.

Ал егер сот алаяқтар клиенттің атына өз кінәсінен несие алғанын анықтаса, микроқаржы ұйымдары клиенттен оған берілген шағын несие бойынша берешегін өтеуді талап ете алады.