Синоптиктер 11-13 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес елімізде +18°С-қа дейін ауа температурасы жоғарылайды, сондай-ақ көш мөлшерде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар синоптиктер атап өткендей, қараша айында айтарлықтай жылы ауа райы күтіледі.
«Батыстан шығысқа ауысатын циклон өз жолында қатты жауын-шашынды тудырады. 11 қарашада солтүстікте, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. 12 қарашадан бастап Батысқа антициклондық сілем тарай бастайды, осыған байланысты жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы +8+18°C-қа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, түнде және таңертең республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.