• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қараша, 2023

Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыспауы мүмкін

196 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Бахтиер Зайнутдиновтің жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Prosports.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге салайық, Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» – «Истанбул Башакшехир» матчында ауыр жарақат алған еді.

«Оның ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатысуы екіталай болып тұр. Дәрігерлердің қорытындысы шыққанша жарақаты қаншалықты ауырлығын нақты айта алмаймыз. Жуырда Б.Зайнутдинов туралы хабарлаймыз. Әзірше оның тезірек сауығуын тілейміз», делінген мәлімдемеде.