Жыл басынан бері 15 жатақхана өртке оранған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Жатақханалар мен хостелдерде, оның ішінде жатақхана ретінде қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждерде өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында ІІМ-мен бірлесіп, ТЖМ 13-17 қараша аралығында «Жатақхана» профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр», делінген ведомство таратқан хабарламада.