Кеше «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Алтын домбыра» айтыскерлер аламанында бас бәйгені қанжығалаған қарағандылық ақын Мақсат Ахановқа өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазады Egemen.kz Ortalyq Qazaqstan газетіне сілтеме жасап.
Қарағанды жұртының мерейін асырған сөз шеберін облыс әкімі арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Айта кетейік, Amanat партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» сөз сайысында еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысып, «Алтын домбыра» мен арнайы жүлде автокөлікті Мақсат Аханов жеңіп алды.