Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша қарашаның 17-сі күні еліміздегі барлық мектептерде ұлттық ойын – асық ойнаудан бір мезетте челлендж өтеді, деп жазады Egemen.kz.
«Асық ойнау – баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, шапшаң қимылдауына әсер етеді және көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық акция қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», дейді департамент директоры Меруерт Медетбекова.
Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды. Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.