• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2023

Интимдік фотоларды жариялаймыз: Қызылорда облысында алаяқтар шенеуніктерден ақша бопсалаған

192 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында алаяқтар тобы мемлекеттік қызметкерлерді интимді суреттер арқылы бопсалаған. Олар жәбірленушілерді ақша бермеген жағдайда, суреттерді таратып жібереміз деп қорқытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желіде өздерінің аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сосын осы қыздардың атынан ер адамдармен сөйлескен. Уақыт өте келе бопсалаушылар қыздардың жалаңаш суреттерін жіберіп, мемлекеттік қызметкерлерден интимдік фотоларын сұраған.

Суреттерді қолға түсірген алаяқтар осы арқылы мемлекеттік қызметкерлерді бопсалап, ақша талап еткен.

Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер мен белгілі шенеунік алаяқтардың құрбаны болды.

Тергеуден кейін 11 жәбірленушінің ақшасын қайтарып алғаны белгілі болды. Олар арыз жазудан бас тартты. Бір ғана жәбірленуші Б. кері қайтарылған 500 мың теңгені алмай, бопсалаушылардың үстінен сотқа беруге шешім қабылдаған.

Сот отырысында алаяқтардың өздері кінәларын мойындады.

Үш сотталушыға қатысты сот үкімі шығарылып, олар Қазақстан кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ үкімді орындау кезінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Сотталушылардан 500 000 теңге көлеміндегі залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.