• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қараша, 2023

Америкалық бойжеткен өзінің есімін Айбала деп өзгерткен

276 рет
көрсетілді

Америкалық арудың шын есімі - Кэмерон Фарр. Алайда, ол қазақ тіліне деген ерекше құрметін білдіру үшін есімін Айбала Құдайбергенқызы деп өзгерткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 жастағы америкалық қыз қазіргі таңда АҚШ-тың Атланта қаласында тұрады. Бүгінде ол қазақ тілі мен мәдениетімізді үйреніп жүр.

Қызды айналасындағылар полиглот деп атайды. өйткені небары 17 жасында-ақ ол неміс, испан, жапон, вьетнам, корей, қытай, индонезия, португал, француз, тай, тагал тілдерін жетік меңгеріп үлгерген.

Бүгінде қазақ тілін үйренуге құмартып жүр. Тілімізге, мәдениетімізге тәнті болған бойжеткен өзінің есімін Айбала Құдайбергенқызы деп қоюды жөн көрді.