Шымкент қаласында кәсіпкерлерді бопсалау тәсілімен қорқытып көліктерін тартып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мегаполистің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, екі кәсіпкерді қорқыту жолымен BMW және ВА3-2114 автокөліктерін тартып алған. «Топ мүшелері 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалағаны» жазылған ақпаратта.
Арнайы операция кезінде полицияға 10 адам жеткізіліп, топтың белсенді мүшесі саналған 4 күдікті қамауға алынды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.