• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2023

Альпинистердің қазасына қатысы бар күдікті қамауға алынды

208 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның баспасөз қызметі тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының өнеркәсіптік альпинистердің мерт болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды деген мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Полиция департаменті ҚК-тің 277-ші бабының 3-бөлігіне («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының назарында. Құқық бұзушылыққа қатысы барлар түгел анықталады.

Еске салайық, қайғылы оқиға Астана қаласында 2023 жылдың 12 қазанында болған еді. Оқыс оқиға кезінде төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болды.