«Самұрық-Қазына» Qazaq Air әуекомпаниясын сату бойынша конкурс өткізілмеді деп танып, ережеге сай алдағы уақытта қайта сатылым жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz «Самұрық-Қазына» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Хабарламада:
«18 тамызда жарияланған Qazaq Air АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызына дейін сату бойынша ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды. «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін бәсекелестік ортаға беру қағидасының ережелеріне сай белгіленген тәртіппен жаңа конкурс өткізеді», деп жазылған.