• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қараша, 2023

Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словенияға қарсы ойындарының тікелей көрсетілімі

209 рет
көрсетілді

Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы екі тур ойынын  «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен  «Qazsport»  телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрамамыздың  ойыншылары 17 қараша күні  «Астана Арена» стадионында Сан-Марино  футболшыларына қарсы тартысқа түседі. Маңызды мачты  «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары 20:50-ден бастап тікелей эфирден көрсетеді.

20 қараша күні сырт алаңда Словения құрамасына  қарсы матчты да көрермендер 01:45-тен бастап  «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.