• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Қараша, 2023

15 қарашада еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, тұман түседі

194 рет
көрсетілді

15 қарашада Қазақстанның 11 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының орталығында, батысында тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Ақтөбе облысы орталығында түнде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының Алкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кейде тіпті 30 м/с-дан да жоғары болады деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с-ға дейін жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыс орталығында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с-ға дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.