• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Олимпиада 14 Қараша, 2023

«Scopus Awards-2023» сыйлығының иегері

197 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университе­ті­нің­­ профессоры, Еуразиялық физика-энергетика­лық зерт­­теулер және ғылымды қажет ететін техноло­гия­­­лар инс­­титутының директоры Қайрат Күтербеков «Scopus Awards-2023» халықаралық сыйлығымен марапат­талды.

Бұл сыйлық айтулы ға­лым­ға «Материалтану» мен «Eurasian Mathematical Journal» және «Әлемдік дең­гейдегі зерттеулерге­ қос­қан үлесі» аталымы бо­йынша берілді. Қайрат Күтербеков – еліміздегі ядро­лық физика, ауыр иондар физикасы, радиациялық экология, баламалы (ядро­лық және сутегі) энергетика, жоғары технология сала­сы­ның дамуы­на зор үлес қосып жүрген ғалым. Бүгінге дейін оның 470-тен аса ғы­лы­ми еңбегі жарияланып, соның ішінде бес монография­сы мен «Ауыр иондардың экс­пе­рименттік физикасы» атты оқулығын ерекше айтуға болады. «Eurasian Mathematical Journal» 2010 жылдан бас­тап Еуразия ұлттық уни­верситетінде ағылшын тілін­де жарық көреді. Ғылыми басылым Scopus базасында индекстеліп, Web of Science базасына кірсе, 2022 жылы Journal Citation Indicator көрсеткіші бойынша Q2 жүйесіне енді. Журнал бас редакторының орынбасары, Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің механика-математика факультеті «Іргелі математика» кафедрасының про­фессоры Қордан Оспанов ғалымға жоғары марапатты табыстау кезінде бұл әлем­нің 40-тан аса елінің 64 өкі­лінен тұратын журнал редак­­циясының көп жылғы қажырлы еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті. Алдағы таңда журнал ұжымы халықаралық математикалық қоғамдастықтағы белгілі басы­­лым­дардың біріне айналуды көздеп отыр. Айта кетейік, аталған жоғары оқу орнының «Eurasian Mathematical Journal» басылымы 2017 жылы Webof Science нұсқасы бо­йынша «Қазақстандық ғы­лы­ми ба­сы­лымдардың көш­бас­шы­сы» аталымында дипломмен марапатталған.