• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қараша, 2023

Си Цзиньпин мен Джо Байден келіссөздер жүргізеді

218 рет
көрсетілді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммитіне (АТЭС) қатысу үшін Калифорния штаты, Сан-Францискоға барды, деп жазады Egemen.kz XInhua ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ президенті Джо Байденмен келіссөздер жүргізетіні туралы ақпарат таратты.

Биылғы АТЭС отырысы «Барлығы үшін тұрақты әрі өміршең болашақ құру» тақырыбы аясында өтіп жатыр. АТЭС саммиті 15-17 қараша күндері Сан-Францискода өтеді. Ұйымға 21 мемлекет, соның ішінде ҚХР мен АҚШ та кіреді.

Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы - Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің өсіп келе жатқан өзара тәуелділігін пайдалану үшін 1989 жылы құрылған аймақтық экономикалық форум.